Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдын ала жоспарлануы мүмкін": Алматыдағы бизнес-орталығында болған оқиға жайлы куәгерлер тіл қатты

5 қараша күні Алматы қаласындағы танымал бизнес-орталықтарының бірінін төбесінен ер азамат құлап, жан тапсырды. Куәгерлердің айтуынша, "Нұрлы-Тау"бизнес-орталығының балкондары өте қауіпті. Азаматтың бұл қылығына не түрткі болғаны анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

Алматыдағы

Бизнес-орталықта жұмыс істейтіндердің сөздерінше, ер адам бұл әрекетін алдын-ала жоспарлауы мүмкін. Себебі ғимаратқа кіріп-шығытан адамдар аса қатты қадағаланбайтын көрінеді. 

Куәгерлер болған жайтты ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан. Биік қабаттан құлаған ер адам жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған.

24 жастағы Темірлан Дүкенбаевтың сөзінше, ол жағдай орын алған сәтте жақын маңда орналасқан мейманханалардың біріне жұмысқа келген. 

"Мен жұмысыма келіп, кірісе бастаған сәтте сырттан айқай-шу естідім. Сыртқа шықсам ер азамат ғимараттан құлап кетіпті", - деді Алматы қаласының тұрғыны Темірлан Дүкенбаев.

"Күзет қызметкерлері - кінәлі. Мысалы, мына жерде бейнебақылау камералары жоқ. Ғимаратқа кез келген адам кіре алады, ол үшін өзі туралы ақпарат қалдырса жеткілікті. Бұған қоса балкондарда ашық: терезе жаққа барсаң, балконнан бір-ақ шығасың", - деді оқиғаның куәгері Әлішер Батырғалиев. 

Дегенмен оның айтқанын тексеруге мүмкін болмаған, себебі оқиғадан кейін ғимарат кіру қатаң қадағалауға алыныпты. Ал полиция қызметкерлерінің айтуынша, тексеріс жұмыстары бірнеше айға созылуы мүмкін. 

Алматыдағы "Нұрлы-Тау" бизнес-орталығында ер азамат терезеден құлап мерт болғаны айтылған еді.
 

STAN.KZ
Жұма, 06 Желтоқсан, 2019 08:33
Талқылау