Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық 80 жастағы тұрғын велосипедпен 40 елді аралаған

Алматылық қарт тұрғын велосипедпен әлемнің 40 елінде болып, 400 мың шақырым жол жүрген. Ол ең ұзақ велосаяхат жасағаны үшін Қазақстанның рекордтар кітабына да енген. Оған қоса кір тасын көтереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Түгелбек Қасымов биыл 80-ге келді. Алайда өзін кәрі сезінбейді, қимыл-қозғалысы ширақ. Осының бәрі – спорттың арқасы" дейді. Велосипедке 45 жасында отырған. Мамандығы – мұғалім. Зейнетке шыққанға дейін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірінде мектепте математикадан сабақ берді. Бас кезінде балаларға үлгі болғысы келген. Кейіннен спортқа түбегейлі ден қойған.  

“Ең алғаш 45 жасымда Кабардин Балкар деген елде КСРО бойынша жарыс болады деп веломарафонға шақырды. Сол кезде ІІІ орын иеленіп, қола медаль аламын. 60 шақырым қашықтыққа жарысқам. Соның өзі спорт шебері деген дәрежеге сай болған. Спорт шеберлерімен жарысқаннан кейін Қазақстанның бірінші веломарафоншысы болуым керек деген мақсат қоямын”, – деді ардагер веломарафоншы Түгелбек Қасымов.

Сөзінше, ауылда отырып, қайда баратынын анықтап, картасын сызып алады. Алғашқы жарыстан жүлделі қайтқан соң демеушілер де табыла бастаған. Содан кейін 25 рет саяхатқа шыққан. Бір шыққанда бірнеше мемлекетті бір-ақ аралап қайтқан кездері болған. 

“40 мемлекетте болдым. Еуропа, Азияны араладым. Одан кейін Моңғолия, Жапония, Латын Амеркасынан ары Кубаға дейін бардым. 2017 жылы Астанадан Мәскеуге дейін бардым. Ең ұзақ жол осы болды. Орал тауларынан өту керек. 4 мың шақырым арақашықтық. Күніне 200-235 шақырым алып отырдым”, – деді 80 жастағы веломарафоншы.

Ол велосипедпен саяхат оңайға түспегенін айтады. Тіпті бұзақылардың шабуылына тап болғаны кезі болған. 

“2004 жылы Үндістанға бардым. 2004-те Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі болатын. Сол кісі шығартып салғызды. Өмірі ойламағам”, – деді Қасымов. 

Түгелбек Қасымов велосипедтен бөлек, мойнымен гір тасын көтереді. Қазірдің өзінде 100-ге дейін жеткізеді. Оған қоса тізесін жерге тигізбей, роликпен жаттығады.

“Жүгірудің орнына электромобильге түсіп алады. Рақат, ешкімнің аяғы жүрмейді. Сонда адамға аяқ керек жоқ секілді ғой. Адамның денсаулығы адамның аяғына байланысты. Мен соны ұқтым. Аяқ жүректі күшейтеді. Өйткені сіз жүректі қолға алып күшейте алмайсыз”, – деді ата. 

Түгелбек қарт 15 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр. Ол спортты насихаттағысы келеді.

Талқылау