Алматыға кіре берісте 12 пост орнатылды
Алматының кіреберісіне 12 бекет қойылып, тәртіп күшейтілді. Бұл шара Құрбан айтта қала ішіне сойыс малын өткізбеу мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Бекеттер 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындары qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға тапсырыс беріп, құрбан шалуды қашықтан өтей алады.
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артуда. Сондықтан Құрбан айт мерекесі биыл да онлайн өтуде. Құрбан шалу үшін арнайы сайтқа өтініш қалдыруға болады. Содан соң, қала мешітінің өкілдері тапсырыс берушінің атынан дұға жасап, құрбандықтың етін аз қамтылған отбасыларға таратады.
Алматының Орталық мешітінің волонтерлері түске дейінгі уақытта 400 отбасыға құрбандық етін жеткізген. Олар барлық санитарлық талаптарды ұстануда. Құрбандық етін соятын қасапшылар да қатаң талаптармен қабылданған. Олардың кәсібилігін дәлелдейтін сертификаттары бар.
“Осы қойларды сойып, мұқтаж жандарға онлайн режимде таратып жатырмыз. Карантинге байланысты, барлығы маскамен, сертификат алған жігіттер. Қабыл болсын құрбандықтарыңыз. Айттан айтқа төрт көзіміз түгел болып жете берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”, – дейді қасапшы Сан Әбиев.
Қойлар туралы қызықты 17 мәлімет
1 320 000 теңгесі бар адам құрбандық шалуға міндетті: Имам құрбандық шалудың ережесін түсіндірді

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
