"Алматыэлектротранс" компаниясы бюджеттің 250 млн теңге ақшасын заңсыз жұмсамақ болды
Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде "Алматыэлектротранс" ЖШС-да мемлекеттік сатып алудағы заңсыздықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарты электрондық мемлекеттік сатып алу порталы арқылы емес, қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан анықталды.
“Прокуратураның қолданған шараларымен міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 миллион теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне аударылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды”, – деп мәлімдеді Алматы прокуратурасы.
Бұған дейін "Алматыэлектротранс" компаниясының бұрынғы басшысы Берікхан Мұрзакаримовқа іздеу жарияланған еді.
Талқылау