Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana-ның Алматы-Дубай бағытындағы кейінге қалдырыған рейсінде 24 жолаушыға орын жетпей қалды

Алматыдан Дубайға ауыстырылған Air Astana рейсінде 24 жолаушыға орын жетпей қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mavink.com

"Эйр Астананың" Алматы-Дубай рейсіне 24 адам борттың ауысуына байланысты мінбеген. Оларға ертең ұшатын орынға 250-300 доллар өтемақы төлеу ұсынылған. Алайда көбі бас тартқан. 

Әуе компаниясының баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты компанияның "жолаушылар ұшып, діттеген жеріне жетуі үшін ұшу кестесіне өзгерістер енгізуге және ұшақты өзгертуге" мәжбүр болғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп, желіде ұшақтың қозғалтқышы аяздан іске қосылмай, жұртты  әбігерге салғаны туралы жазған едік.

Жолаушылардың бірі түсірген видеодадан ұшақ салонында оранып 40 минут бойы дірдектеп отырған халықты көруге болады. Qazaq Air әуе компаниясының рейсі Астана-Ақтөбе бағытында 7:40-та ұшуға тиіс еді. Алайда үш рет уақыты кейінге шегеріліп, жолаушылардың біразы билетін қайтарып берген.

Талқылау