Алматыдан 609 км қашықтықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 17.24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 609 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11,1.
MPV магнитудасы - 4,9.
Тереңдігі – 15 км.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.
Еске салайық, бүгін Қазақстанның сейсмикалық стансалары бірнеше жер сілкінісін тіркеді. Оның ішінде Тәжікстан аумағында 7 балл қуатымен болған жерасты дүмпуі Алматы мен Шымкент қалаларында сезілді. Көп ұзамай Тәжікстанда 5,6 магнитудасымен тербеліс қайталанды. Түстен кейін елде тағы жер сілкінді.
Бүгін жерасты дүмпуі Қазақстан аумағында да болды. Магнитудасы – 4,1.
Сондай-ақ бүгін таңертең Өзбекстан мен Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”