Алматыдағы сейсмикалық станциялар бір күннің ішінде төрт рет жер сілкінісін тіркеді
Алматыдағы сейсмикалық станциялар тәулігіне төрт жер сілкінісін тіркеді.Олардың барлығы 17-18 маусым аралығында бірнеше сағаттық айырмашылықпен болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сүйенсек, 17 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 22:14-те жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 809 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,9.
Келесі жер сілкінісі Алматы уақытымен 23:08-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 829 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3. MPV магнитудасы 4,3.
18 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 02:46-да кезекті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 787 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7.
MPV магнитудасы 4,4.
- Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
- "Қауіп-қатер төнген сәттер болды": Сирияға көмек беруге барған қазақстандық азамат елдің шынайы жағдайын көріп қайтты
- Маңғыстау облысында 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Адамдардың жер сілкіністерін сезгені туралы ақпарат айтылмайды.
Сондай-ақ, бүгін 2023 жылдың 18 маусымында Алматы уақыты бойынша сағат 08:58-де тағы бір жер сілкінісі болды.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "СОME" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақыты бойынша 08 сағат 58 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым жерде Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан”, – делінгне "Алматы" ХҚО кезекші операторының хабарламасында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1. MPV магнитудасы 4,5. Тереңдігі 70 шақырым. Бұл жер сілкінісін де адамдардың сезгені туралы ақпарат жоқ.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
