Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саунадағы балалар "демалысы" мемлекетке 107 миллион теңге шығын әкелді

Аяғы жанжалмен аяқталған балалардың демалысы мемлекетке 107 миллион теңге шығын әкелді. Бұл туралы "Арман дала" лагері орналасқан жерді аралаған Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәжіліс депутаты Нұргүл Таудың айтуынша, лагерьде балалардың демалуына жағдай жасалмаған. Сондай-ақ, өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген.

Депутат әкімдікпен 107 миллион теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасалғанын айтты. 

Депутаттың айтуынша, бұл қаражат іс жүзінде төленбеген. Тәртіпке сәйкес төлем аяқтау туралы сертификатқа қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

“Қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС болды. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн.теңгені құрайды. Жоспар бойынша жазғы демалыспен 1150 бала қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу қалай жүргізілгені туралы мәселе туындауына байланысты менің тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу туралы сұрау жіберілді”, - деді ол.

Алматы әкімдігі қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС-мен 107,8 млн теңгеге келісім шарт жасалғанын растады.

"Қазіргі уақытта жол берілген өрескел заңбұзушылықтарға байланысты қалалық білім бөлімі келісім шартты бұзып жатыр. Мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз беріледі", - деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда "Сауна ғимаратында балалар лагерін" ұйымдастыру ісі бойынша тергеу басталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау