Алматы әкімі сауда орталықтарындағы вакцинация туралы айтты
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Ақпаратқа қатысты қала әкімі түсәнәктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін сауда орталығының желідегі парақшасында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталғандығы туралы жаңалықты жариялады. Көп ұзамай хабарлама қшірілді. 3 сәуірде, сенбіде сауда орталығында вакцинация пункті ұйымдастырылып жатқандығы атап өтілді.
"Сауда орталықтарында әлі вакцина салынып жатқан жоқ. Бірақ қазір осы мәселе айналасында жұмыс істеп жатырмыз. Сауда орталықтарында вакцина жүргізу үшін арнайы блоктар мен үстелдер қойып, толыққанды жабдықтау керек. Бұл жұмысқа құрлыс компаниялары да араласады. Қазірге қалаға жеткізілген 21 мың дозаны игеретін боламыз", - дейді Сағынтаев.
- Алматыда сауда орталықтары қандай жағдайда ашылады
- Пышақ ала жүгірген: Алматыдағы сауда орталығының көлік тұрағында екі ер адам төбелес шығарды (видео)
Алайда, әкімнің айтуынша, сәуір айында 250 вакцинация пунктін орналастыру жоспарланып отыр. Соның ішінде ірі сауда орталықтарында.
"Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бұл вакцинация пункттерін қажетті медициналық жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алады. Қаржы шығындарын есептеуді Алматы қаласы әкімдігінің стратегия және бюджеттік басқармасы жүзеге асырады. Сонымен қатар, бизнес қауымдастық тасымалдау, сақтау, үй-жай беру және вакцинация пункттерін ұйымдастыруға ақысыз қолдау көрсетеді", - деді әкім.
Еске салсақ, Алматы тұрғындарына сауда орталығы мен базарларда коронавирусқа қарсы вакцина егілетіні туралы хабарланған болатын. Вакцинация жасау алгоритмі жарияланды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
