Алматыдағы метро вагонына жабысып, бір бекет жүріп өткен экстремал-блогер ұсталды

Алматыда метро мен автобустарға жабысып, видео түсірген блогер ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2001 жылы туған Ч.есімді азамат өзінің заңсыз әрекеттерін камераға түсіріп, интернетте жариялаған. Жігіт мұндай әрекетке желіде танымал болу үшін барғанын айтты.

"Менің ойымша, құқық бұзушы мұндай "кәшену" оның өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіретінін білмеді. Ч.азамат өзін заңға сәйкес шара қолдану үшін іздеп жүргендерін біле тұра, мұқият жасырынған, бірақ, кеше кешке ҚР ӘҚбК-нің 560 бабында көзделген құқық бұзушылық - теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ч.азаматпен бұдан әрі құқықтық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді", - деді Мерополитендегі полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев.

Бұған дейін экстремал блогер Алматыдағы метро вагонына жабысып, осылай бір бекет жүріп өткені хабарланған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр