Алматыдағы коронавирус ахуалы: "Рахат" фабрикасының 500-ге жуық қызметкері коронавирус жұқтырды
Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы "Рахат" кондитерлік фабрикасының 500-ге жуық қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Рахат" фабрикасында 30 мамыр мен 4 маусым аралығында 10 адамнан КВИ анықталған. Бірінші, фабриканың бір қызметкері жоспарлы операцияға түскен кезде одан вирус табылған. Кейін зауытқа кіреберісте тұрған тепловизор арқылы тағы 8 адамның қызуы жоғары екені анықталды. Сол сәтте жедел жәрдем шақырылған. Қызуы көтерілген жұмыскерлердің барлығында коронавирус инфекциясы бар екені анықталды", - деді Бекшин.
Қазіргі таңда 1500 қызметкер тексерістен өтіпті. Олардың арасында симптомсыз коронавирус жұқтырған 467 адамнан анықталған. Қаланың бас санитар дәрігерінің сөзінше, қазіргі таңда олардың барлығы үй карантиніне жіберіліпті.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”