Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасының жанынан қару-жарақтар табылды
Полицейлер Көк-Төбе телемұнарасының жанынан аңшылық қару сақталған қойма тапты, деп жазады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасырынған қару-жарақтар "Заң және тәртіп" операциясы аясында табылды. Арнайы үйретілген ит телемұнара жанындағы ағаштардың арасынан екі тегіс ұңғылы мылтық тапты.
Қарудың қайдан шыққаны мен иесін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
- Алматының орталығынан полицейлер қару-жарақ қоймасын тапты - видео
- Қырғызстанда қару-жарақ толы қазақстандық көлік табылды
"Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін", – дейді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Заңсыз қаруы бар азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға рұқсат етіледі, егер осыдан кейін қылмысқа қатысы анықталмаса, ол азамат жазаға тартылмайды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ