Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы кептеліс: Жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселені шешпеген

Алматыдағы кептеліс: Жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселені шешпеген

Фото: depositphotos.com

Алматыда мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын 8:30-ға ауыстыру қала жолдарындағы кептеліс мәселесін шешпеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қала полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзінше, Алматы жолдарындағы кептеліс бұрынғы деңгейде қалған.  

"Жағдай сол қалпы. Кептеліс бізге жаңалық емес. Айта кету керек, кептеліс жұмыс істейтін тұрғындардан емес, мектеп оқушылары мен студенттердің қозғалысынан туындайды. Жаңа оқу жылының басталуы да жол-көлік жағдайының күрделенуіне әсер етеді", – деді ол.


"Тек тойхана қалуы керек пе?!": Жазира Байырбекованың кептелісті азайтуға қатысты ұсынысы сынға қалды


"Қоғамдық көлікті 500 теңге етсек, кептеліс азайып, "элиталық" топ көбейеді": Олжас Байділдинов өзін сынағандарға жауап берді


Полиция деректері бойынша, жолдарға негізгі жүктеме шығыс және батыс бағыттарда түседі. Кептеліc жоғары уақытта жол полициясы қолмен реттеу жүргізуге мәжбүр болады. Күніне қалада 600 мың жергілікті көліктен бөлек, 400 мыңнан астам шетелдік нөмірлі автокөлік қозғалады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы кептелісті азайту үшін 15 қыркүйектен бастап қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеріп, кей мемлекеттік қызметкерлер үйден жұмыс істейтінін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 18:29
Талқылау