Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ірі сауда орталығында өрт шықты

10 қараша күні таңертең Алматыдағы ірі сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сағат 06:36-да өрт жайлы хабарлама түскенін айтты.

"Екінші қабаттан қатты түтін шыққан. Газ және түтіннен қорғау қызметі бөлімшелері барлау жұмыстары кезінде жылу камерасы көмегімен тауарлар мен материалдар тұратын қоймадан өрт шыққанын анықтады", - деп хабарлады ТЖД.

Өрт 07:21-де толығымен сөндірілді. Өрт бутиктер мен басқа үй-жайларға жайылып үлгермеді.

"Ғимаратта автоматты түрде өрт сөндіру және түтінді кетіру жүйесі іске қосылды, бұл өрттің таралуын шектеуге мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ", - деп қорытындылады департамент.

Еске салсақ, осыған дейін Талғар қаласындағы өрттен үш адам қаза тапты.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Қараша, 2020 10:11
Талқылау