Алматыдағы ірі сауда дүкені өртеніп жатыр
Алматы қаласының Наурызбай ауданында супермаркет орналасқан ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары өртті сөндіруге тырысып жатыр.
"Өрт Әшімов көшесі, 13 А үйде болды. Көпфункционалды әкімшілік ғимараттың шатыры жанып жатыр. Қазіргі уақытта оттың жеке тұрғын үйлерге өту қаупі жойылды", - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері адамдардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Өрт сөндіру мен қорғауға өрт оқпандары берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Әрқайсысы 50 литр болатын 3 газ баллоны эвакуацияланды.
"Өрт деңгейі №2 деп жарияланды, жақын орналасқан қонақүй мен қоймаға таралу қаупі бар", - деді өрт сөндірушілер.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”