Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінде еріктілердің құқығын бұзғандар жазаланды
Коллаж Stan.kz
Алматы прокуратурасы 10 тамызда Дженнифер Лопестің концертінде жұмыс істеген еріктілердің шағымдарын тексеріп, құқық бұзушылықтардың болғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында іс-шараны ұйымдастыруға кәмелетке толмаған еріктілердің заңсыз тартылғаны және ұйымдастырушылар уәде еткен талаптарын орындалмағаны анықталған.
“Қалалық прокуратура жергілікті атқарушы органға заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде еріктілер фронт-офисінің басшысы қызметінен босатылып, Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Алматы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін Азиз Қажденбек атқарады. Ал БАҚ материалдарында Алматы еріктілернің фронт-офисінің жетекшісі қызметін Бағдат Анарбаева атқарып келгені көрсетілген.
Айта кетейік, концерттің ұйымдастырушысы – First Media Group маркетингтік холдингі. Холдингтің негізін қалаушы – ғарышқа ұшқан алғашқы қазақстандық әйел Данна Қарағұсова.
Еске салсақ, бұған дейін Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданған еді.
"Негізгі айғақ – бір-бірімен хат алмасуы": Атыраудағы Яна Легкодимованың өлімі туралы шындықты ашқан тергеуші істің хронологиясын айтып берді