Алматыдағы бар мен мейрамханада карантинді бұзу әрекеті видеоға түсіп қалды: Қала әкімдігі ескерту жасады
Алматының барлары мен мейрамханаларында карантинді бұзу әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының мониторингтік топтары карантин шараларының сақталуын тексеру бойынша түнгі іс-шаралар өткізуде. Белгілі болғандай, кейбір барлар, клубтар мен мейрамханалар жұмыс істеп тұрған, осылайша карантинді бұзған.
Видеода көрінгендей, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бұзылған. Көптеген келуші бетпердесіз, қашықтықты сақтамай жүрген.
"Алматыда эпидемиологиялық жағдай шиеленісуде. Жыл басынан бері аумақта коронавирустық инфекцияны жұқтырған 17 995 науқас тіркелді. Айдың апталары бойынша вирусты тіркеу болжамында сырқаттанушылықтың 1,1 есе өсуі ескерілді: бірінші апта – 420 науқас, екінші апта – 460 науқас, үшінші апта – 510 науқас, төртінші апта - желтоқсан айындағы 560 науқас оптимистік болжам бойынша 1900 және пессимистік болжам бойынша 2100 науқас тіркелді.
Шымкенттегі мейрамханада болған қанды атыс: Атышулы қылмысты жасағандардың ісі сотқа жетпеген
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 26 қарашадағы қаулысына сәйкес:
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, мерекелік, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды (10 адамнан асса) үй-жайларда және ашық ауада өткізуге тыйым салынады, ал 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін – барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысын);
- меншік құқығында үй-жайы бар жеке және заңды тұлғаларға шектеу іс-шаралары кезінде тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін үй-жайларды пайдалануға немесе жалға беруге жол берілмесін;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, Түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг-орталықтар, балалардың спорттық және ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, корттар және басқа да жабық үй-жайлардағы), сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен лото-клубтарға баруға тыйым салу;
- орналасқан жеріне қарамастан, фудкорттардың (жеткізу уақытын шектемей-ақ жеткізуді қоспағанда), банкет және салтанатты залдардың қызметіне тыйым салу.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және көпшілік жиналатын орындарға, әсіресе қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан бас тартуға шақырады. Карантин шараларын бұзғаны үшін заңды тұлғалар үшін де, жеке тұлғалар үшін де жауапкершілік қарастырылған", - деп еске салды қала әкімдігінде.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
