Алматыдағы айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынының 13 миллион теңгесін тартып алған

Видеодан скрин
Алматыда ақша айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынынан 13 миллион теңге көлеміндегі ақшасын тартып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жәбірленушіге қоқан-лоққы көрсетіп, қысым жасаған. Амалы қалмаған азамат қолындағы бар ақшасын беруге мәжбүр болыпты. Алайда өзіне жәбір көрсеткен тұрғынның түр сипатын жаттап қалыпты.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 39 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірген. Қазір оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
“Ізін суытпай күдікті ұсталып, қазір уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қылмыстық кодекстің 191-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл баптың нормалары бойынша 7 жылдан аса бас бостандығынан айыру көзделіп отыр”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген