Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы айырбастау пунктері енді 6 сағат қана жұмыс істейді

Елімізде енгізілген төтенше жағдайларға байланысты айырбастау пунктері күніне 6 сағат істейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пункт

"Алматы аумағында карантин және төтенше жағдай  кезеңінде қалада уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысын Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша 10:00-ден 16:00-ге дейін уақытша шектеуге шешім қабылдады", - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб. 

Сонымен қатар, бұл шаралар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталғанын атап өтті жедел штаб баспасөз қызметі. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2020 21:06
Талқылау