Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ауып кеткен үйдің тұрғындары көшірілетін болды

Алматы қаласындағы ауып кеткен көп қабатты үйдің тұрғындарын басқа үйге көшіретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы Бақытжан Сағынтаев "Зерделі-6" ықшам ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

"Сараптама біткенше сіздерді көшіруге әзірміз. Тапсырма дайын, ақша бөлініп жатыр. Қаржы мерекелік демалыстардан соң аудандық әкімдіктің есебіне түседі. Қаласыңыздар уақытша пәтерді өзіміз тауып береміз. Өздеріңіз тауып қойсаңыздар пәтер ақысын төлеп береміз. Мерекелік төрт күн демалыста әкімдікке ақша аударуға болатын карта нөмірлеріңізді өткізіңіздер", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері пәтерлерді күзететінін айтып ескертті.

Әкімнің сөзінше, тұрғындарға қатысты шешім сараптама нәтижесінен кейін нақты белгілі болмақ.

""Егер мамандар үйді қалпына келтіруге болады десе, барлығын жасаймыз. Ал тұруға мүмкін болмаса, ғимаратты бұзамыз. Пәтер иелері әкімдіктің атынан жаңа үйге ие болады", - деп уәде берді қала басшысы. 

Бақытжан Сағынтаевқа ауып кеткен үйдің жайын тұрғындар өздері ашық хат жолдаған болатын. 2013 жылы салынған ғимартта жарық пайда бола бастаған. Шенеуніктер ол жарықтың аса маңызды емес екенін айтып, тұрғындарды эвакуациялау болмайтынын мәлімдеген. 

Алатау ауданы "Зерделі-6" ықшам ауданындағы №179 үй құрылысына қатысты сараптамалық қорытынды жүргізген мердігерлерге қарсы Алматы прокуратурасында сотқа дейінгі іс жүргізіледі. Аталған оқиғаға жауаптылар анықталады.  

Сарапшылар ауып кеткен көп қабатты үйдің топырағы шайылып кеткенін айтады.

Талқылау