Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар ауып кеткен көп қабатты үйдің топырағы шайылып кеткенін айтады: Тұрғындар алаңдаулы

Алматы тұрғындары ауып кеткен үйдің тексеріс нәтижесін алды. Қазақ геотехникалық институтының қызметкерлері шығарған қорытынды мәз емес: көп қабатты үйдің іргетасындағы топырақ шайылып кеткен,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.  

Сарапшылардың айтуынша, алты метр тереңдікте жатқан топырақтың ылғалдылығы аса жоғары. Бірақ мамандар судың қайдан шыққанын анықтай алмай отыр.

Кеше кешкісін тұрғындар қатты абыржығаннан көшеге шыға бастады. 

"Үй құлауға шақ қалды. Адамдар пәтерлеріне кіруге қорқады, біртүрлі дыбыстарды естуден шаршаған", - дейді куәгерлер.

Тұрғындар топтасып қалған жерге қала әкімінің орынбасары Мұхтар Азирбаев келіп, ғимараттың қауіпсіз жерде орналасқанын және өзі сонда қонатынын уәде етіп адамдарды сабырға шақырды. 

Адамдар үйлеріне қайта оралды, ал билік Алматы қаласының барлық жедел қызмет көрсету қызметі жиналған арнайы штаб құратынын мәлімдеді. Қандай да бір төтенше жағдай орын алса, 150 адам орнаса алатын уақытша орналасу пункті ұйымдастырылады. 

Аталған үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, 2013 жылы көшірілуге берілген.  Желтоқсанның 10-ы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірсін деген талаппен коллективті түрде әкімшілікке барған. Тұрғындар үйдің барлық жерінде жарық пайда болып, ауып бара жатқанын айтып жергілікті билікке шағымданған болатын. 

Талқылау