Алматыдағы Әуезов театрын қайта жөндеу жұмыстары маусым аяқталғаннан кейін басталады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы халқымен кездесу барысында саябақтар мен алаңдардағы жөндеу жұмыстары туралы айтты. Әуезов театрын қайта құру театр маусымы аяқталғаннан кейін басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әуезов театрының саябақ аумағындағы жұмыстар Мәдениет министрлігі театр маусымы аяқталғаннан кейін қайта құруды бастау туралы шешімінен соң тоқтатылды. Жоспарларымыз бар еді, бірақ мен жобаны уақытша тоқтаттым, өйткені егер қайта құру болса, жұмысты жалғастырудан пайда жоқ. Қайта құрудан кейін жұмысқа кірісеміз", - деді Ерболат Досаев.
Ал, Махатма Ганди атындағы саябақ 2023 жылы жөнделетін болды.
"Ганди атындағы саябаққа биыл жобаны тапсырамыз. Жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланған", - деп толықтырды Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Серік Әділбаев
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн