Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Алтын Орда базарында өрт шықты

Алматыдағы ірі сауда орындарының бірі - Алтын Орда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алтын орда

"30 маусым сағат 16.23-те өртке қарсы қызмет пультіне Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент а/ж 15 км "Altyn Orda Qazaq Trade Ltd" ЖШС базары мекен-жайы бойынша асхананың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында Алматы облыстық және қалалық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеуде", - дейді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

 

Қабылданған шаралар бойынша өрт сағат 17.33-те ауыздықталған. Өрттің шарпу алаңы 240 ш.м (металлопластиктен жасалған асхана мен сауда павильондарының бір қатары өртенген) жеткен. 

Қазіргі сәтте өрттің шығу себебі анықталуда. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Маусым, 2020 17:07
Талқылау