Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы АИТВ жұқтыру оқиғасы: Науқастар министр Ғиниятпен кездескісі келмейді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы ауруханасында науқастардың АИТВ жұқтыру оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, комиссия жұмысы келесі аптада аяқталады.

"Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Алдын ала нәтижелер... бұл, өзіңіз білесіз, өте маңызды сұрақ. Сондықтан комиссия жұмысын аяқтап, анықтаманы толығымен дайындап, әкімдік пен денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде ұсынғанын күтейік", – деді ол.

Журналистер сонымен қатар министрден науқастармен кездескен-кездеспегенін сұрады.

"Жоқ. Тергеу жүріп жатқанда, бізде медициналық құпия туралы заң бар. Мұндай науқастармен кездескісі келетіндердің бәрінің ондай құқығы жоқ. Заң мұндай науқастарды қорғайды, сондықтан қазір бәрі комиссия жұмысы аясында жүргізіліп жатыр. Кім ауру жұқтырғанын білуге құқығым жоқ. Тек пациенттердің келісімімен. Олар мұны қаламайды", –  деп қосты Ғиният.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырған болатын. 

Талқылау