Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кабинаны сындырған (видео)
Әлеуметтік желіде тағы бір жолаушының автобус жүргізушісіне шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланды. Оқиға Алматы қаласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісі отыратын кабинадағы әйнекті сындырған. Оқиға №120А бағытындағы автобуста болған.
Алматы полициясының мәліметінше, бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
"Құқық бұзушының жеке басы анықталып, қамауға алынды. Қатысушы тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жыл 22 желтоқсан күні Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Сотталушы “бұзақылық” бойынша ғана кінәсін мойындайтынын айтты.
Жоғарғы сот автобус жүргізушісін ұрып, үш адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты сот отырысын тікелей эфирде өткізетінін мәлімдеген.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
