Алматыда жол опырылып түсті (видео)
Алматының Алатау ауданында опырылып түскен жол қала тұрғындарының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматының Шаңырақ ықшам ауданында судың кесірінен жол опырылып, көшенің ортасында шұңқыр пайда болған.
"Екі күн бұрын су құбыры жарылып кетті. Міне, бүгін жол ортасында мынандай шұңқыр", - делінген әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада.
"Алматы су" мекемесінің өкілдері су қыбырының жарылғаны туралы хабарлама 20 желтоқсанда сағат 7:45-те түскенін жеткізді.
"Су құбыры жарылып кеткені анықталды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл кезде жақын маңда орналасқан үйдің тұрғындары сусыз қалмады. Сондай-ақ, оларға төнетін қауіп болмады", - деді ұйым өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”