Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғары оқу орнының студенті менингиттен көз жұмды

Алматыдағы қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) студенттің менингиттен қайтыс болғаны туралы ақпаратты растап, оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде және анықтамалық сервистер карталарында ЖОО студентінің менингиттен қайтыс болуы туралы ақпарат тараған еді. 

Академияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Қайтыс болған студент академия жатақханасында тұрмаған. Онымен байланыста болғандар (студенттер, мұғалімдер және әкімшілік қызметкерлер) ауруды жұқтыруы мүмкін деген болжаммен инфекцияны анықтау үшін сараптамалық тестілеуден өтті.

"Жағдай СЭС бақылауында, университетте маска кию режимі жарияланды",-  деп хабарлады ҚазБСҚА.

Айта кетейік, менингит – ми мен жұлын қабықшасының қабынуымен байланысты дерт түрі.  Бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы. Аурудың пайда болу себептері әр түрлі болғанымен, белгілері ұқсас келеді. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.

Талқылау