Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз 1 айдан кейін Көкшетаудан табылды

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қызды облыстық орталық аумағынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

полиция

Алматы полицейлеріне қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 12 мамырда келіп түскен. Бір ай көлемінде іздеу жұмыстары тек Алматы аумағында жүргізілген. Ал басқа қалаларға кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат жіберілген. 

8 маусымда Көкшетау полицейлері көшеде жоғалған қызға ұқсайтын қызды байқаған. Жеке тұлғасын анықтау үшін тәртіп сақшылары қызға сұрақ қойған. Кейін оның Көкшетауда сүйіктісімен бірге жүргені белгілі болды. 

Полицейлер бірден алматылық әріптестеріне қыздың табылғанын хабарлаған. Жастардың сөзінше, Көкшетауға үйлерінен алыс жерге кету үшін келген екен.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 13 Маусым, 2022 09:16
Талқылау