Алматыда жігіт қызды аңдып, азғындаған: Полиция оқиғаға түсініктеме берді
Алматыда қыз белгісіз жігіт оны аңдып, азғындағанын айтты. Полиция жағдайға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс 22 қыркүйекте жабылды.
Алматы полициясы 21 жастағы қыздың өтініші бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасымен ҚК 120-бабы "Зорлау" бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында 14 жастағы кәмелетке толмаған азамат анықталды және ұсталды. Жігіт қызды көптен бері көрмеген күтушісімен шатастырып алғанын айтты. Қателескенін түсініп, қашып кеттім деп мәлімдеді", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта іс жүргізу материалдары әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін жергілікті полиция қызметіне тапсырылды.
Еске салсақ, Алматыда қыз көшеде оны белгісіз жігіт аңдып, оған шабуыл жасағанын мәлімдеген еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ