Алматыда жекеменшік мектепте мұғалімдер жаппай жұмыстан кетті, ал балалар білім алу мүмкіндігінен айырылды

Алматыдағы Ақсай-5 шағынауданында орналасқан Cosmo International School мектебінің мұғалімдері екі ай бойы жалақы алмаған. Осыдан кейін олар жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағдайды dyakova_anastassiya есімді желі қолданушысы Threads парақшасында жазды. Айтуынша, мұғалімдергі қазан айынан бері жалақы төленбей, педагогикалық құрам 28 қарашадан бастап жұмыстан кететіндерін хабарлаған. Ал оның салдарынан балалар білімсіз қалып, оқу процесі толығымен тоқтап қалуы мүмкін дейді.
“Cosmo International School мектебінде оқитын 2 “А” сыныбы ата-аналарының айтуынша, мұғалімдерге қазан айынан бері жалақы төленбеген. Ал мұғалімдер 28 қарашадан бастап жұмыстан кететіндерін хабарлаған. Соның салдарынан балалар білім алудан қалып, оқу процесі толығымен тоқтап қалуы мүмкін”, – дейді олар.
Сондай-ақ желі қолданушысының сөзінше мұғалімдер мектептен жұмыс істегісі келмегендіктен емес, еңбекақы мүлде төленбегендіктен кетіп жатыр.
“Біз, ата-аналар, балаларымыздың әрі қарайғы оқуына қатты алаңдаймыз. Сондықтан бұл мәселені көпшілікке жария ету маңызды деп есептейміз. Мәселе назардан тыс қалмауы керек. Қазір біз үшін қолдау маңызды”, – деп жазды ол.
“Қан қысымы көтеріліп кеткен”: Оқушысының анасынан сөз естіген мұғалімнің қызы жылап қалды
Қазақстанда бұрынғы полицейлер мен судьялар мектептерде мұғалім болып жұмыс істемек
Өзін Cosmo International School мектебінің мұғалімі ретінде таныстырған Катерина шын мәнінде 2 айдан бері жалақысыны ала алмай жүргенін жазды.
“Осы мектептің мұғалімімін. Cosmo International School ішінде бейберекет тірлік болып жатқанын мәлімдегім келеді. Күн сайын неше түрлі жағдайларға тап боламыз”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ мұғалім мектептегі келеңсіз жайттарды тізіп шықты:
– Екі айдан бері жалақы төленбей жатыр. Ал басшылыққа жасаған өтінішіміз жауапсыз қалып жатыр;
– Мистер Космос қызметкерлерге дөрекі әрі құрметсіз қарым-қатынас танытады;
– Кабинеттер жабдықталмаған, кейбір сыныптарда сабақты қалыпты жүргізу мүмкін емес;
– Шатырдан су ағады, соның салдарынан мектеп мүлкі бүлініп, балалар үшін қауіпті жағдай туындап отыр;
– Коммуналдық қызметтер мен интернет бойынша қарызы көп. Мектеп амалсыздан жұмыс істеп тұр;
– Әкімшілік барлық мәселені елемей, бәрі жақсы деген кейіп танытып жүр.
Оның сөзінше, нәтижесінде мұғалімдер ғана емес, балалар да зардап шегіп отыр. Сондай-ақ ол басшылыққа өз жалақысын сұрап, бірнеше рет хабарлама жазғанын айтты. Алайда мұғалім ешқандай жауап ала алмаған.
Фото: Скрин 2gis Катериан Борщ
Аталған жағдайға мектеп директоры Татьяна Омедже пікір білдірді. Оның сөзінше, жалақының кешігуіне мемлекет тарапынан субсидияландырудың болмауы себеп екенін айтты (Қазақстан заңнамасына сәйкес, білім беру мекемелерін қолдау және шығындарды өтеу үшін субсидия қарастырылған). Десе де мұғалімдер қыркүйек айына арналған жалақыларын алды дейді.
“Қазан айы үшін 16 күн қарызбыз. Оның өзінде бәріне емес. Кейбірі жалақыны ішінара алды. Ата-аналардан қаражат түскен сайын төлеуге тырысып жатырмыз. Себебі жеке мектептерге субсидиялар үшінші ай қатарынан түспей жатыр. Біз шағын мектеппіз және мемлекеттік қолдауға айтарлықтай тәуелдіміз. Соған қарамастан, оқу процесі штаттық режимде жүріп жатыр. Таңғы сегізден кешкі беске дейін жұмыс істейміз. Барлық негізгі пәндер, факультативтер мен үйірмелер өткізіледі", – деді Омедже.
Оның айтуынша, мектепте балаларға төрт мезгіл тамақ беріледі және олар тәулік бойы бақылауда. Алайда мектепті ұстау мен ғимаратты жалға алу өте үлкен шығынды қажет етеді.
Cosmo International School туралы не белгілі?
Аталған білім ордасының негізі 2020 жылы қаланған. Десе де 2022 жылы тіркеліпті.
Мектептің директоры және құрылтайшылары – Космас Омедже мен Татьяна Омедже. Космас Омедже Union of Nigerians of Kazakhstan атты қоғамдық қордың құрылтайшысы. Ал Татьяна көтерме жанармай саудасымен айналысатын компанияға ие.
Білім ордасы 2023 жылдан бері салық төлеп келген. Компания 2023 жылы 407 921 теңге салық төлеген. Ал 2024 жылы 520 853,6 теңге, 2025 жылы 352 541 теңге салық төлемдерін жасаған.
Скрин: ba.prg.kz
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында мұғалім "КазАтомПромның" жалған ивестициясына 20 миллион теңге салып, сан соғып қалғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты