Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті
Фото: Видеодан скрин
Алматыда жедел жәрдем көлігі 15 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті. Жәбірленуші бірнеше жарақаттар алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мектеп жасындағы жасөспірімге соққы 7 қазан күні Жандосов – Береговой қиылысында болды. Жедел жәрдем көлігі қарсы жолақта қозғалып, жолдан өтпекші болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік апаты бейнекамераға түсіп қалған.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің жағдайы туралы пікір білдірді.
“Пациентті жедел медициналық көмек бригадасы дереу балалар қалалық клиникалық №2 ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізді. Нейрохирург дәрігердің қарауынан және қажетті тексерулерден кейін диагноз қойылды: жабық ми-ми қабығы жарақаты, ми шайқалуы, бас, бет және сол тізе буынының жұмсақ тіндерінің жарақаты”, – делінген хабарламада.
Жасөспірімнің жағдайы орташа ауырлықта бағаланған.
“Пациент қосымша бақылау мен қажетті ем алу үшін нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды”, – деп қорытындылады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Алматыда самокат айдаған балалардың кесірінен қыз аяғын сындырып алды
Еске салайық, бұған дейін Атырауда автобус мектеп жанында жасөспірімді қағып өлтіргенін жаздық. Қайғылы оқиға 30 күні Тасқала шағынауданы Центральная көшесінде мектеп жанындағы аялдамада болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше,15 жасар бала автобус аялдамасының жанында тұрып жолдан өтпек болғанда көліп қағып кетті. Ауыр соққа салдарынан жасөспірім жедел жәрдемде көз жұмды.

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
