Алматыда жігіт мешітке келушілердің заттарын ұрлаған
Алматыда қала мешіттеріне келушілердің жеке мүлкін ұрлаған тұрғын сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға өткен жылдың қысында болған. Күдікті жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Күдікті оқиға кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сот отырысы барысында азамат "Т" кінәсін мойындады, бірақ келтірілген миллиондаған шығынды өтемеді.
"Өзге мәзһаб өкілі": Шымкентте мешіттегі намаз кезінде ер адам төбелес шығарды (видео)
Сот айыпталушыға қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды өз мүліктерін қараусыз қалдырмай, мұқият болуға шақырады.
Еске салсақ, бұған дейін Астана тұрғыны үйінің жанынан заңсыз мешіт ашқаны туралы жазған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті