Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаппай Toyota Camry маркалы көліктерінің ұрлануы жайлы полиция сөз қозғады

Алматыда соңғы уақытта Toyota Camry маркалы автокөліктерін жаппай ұрлау белең алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіде қала тұрғындары жариялады. 

Өздерінің көліктерінен айырылған жүргізушілер видео түсіріп, осы маркалы темір тұлпардың иелеріне үндеу жариялапты. 

"Біз айтқандарымызды басқа көлік жүргізушілеріне жеткізгіміз келеді: міндетті түрде GPS жүйесі мен дабыл қаққыш орнатыңыздар. Бірнеше адамдардан құралған көлік ұрлаушылар қаптап кетті. ҚР ІІМ бұл жайтқа байланысты шара қолданады деп үміттенеміз", - делінген бейнежазбада. 

Алматы қалалық ПД осы жылы Toyota Camry маркалы автокөліктерін ұрлап кеткені туралы 17 іс түсіпті. 

"Ол көліктердің 11-і иелеріне қайтарылды.  Қыркүйек айында 5 азамат көлігі ұрланғандығын айтып шағымданған.  Ең соңғы рет ұқсас жағдай 17желтоқсан күні тіркелді. Toyota Camry 70 маркалы автокөлік арызданған ер азаматтың әйелінің атында екен. Кешкісін олардың үйіне таныс ер азамат келіп, ерлі-зайыптылардың көлігін ұрлап айдап, Жамбыл облысына қарай бет алған. Бірақ GPS-тің көмегімен оны қолға түсіруге мүмкін болды. Біз сіздерге сапалы дабыл және GPS жүйесін орнатуларыңызды сұраймыз. Бұл сіздердің көліктеріңіздің қауіпсіздігі үшін маңызды нәрсе. Атап кетерлік жайт, ұрланып, артынша қайтарылған көліктердің иесі бірден осы жағдайға көңіл бөліп, арнайы жабдықтарды орнатты", - деді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз-қызметі. 

 

 

Талқылау