Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп айыпталған Тимур Кимге қатысты іс тоқтатылды

Алматыда прокуратура 37 жастағы жергілікті тұрғын Тимур Кимге қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Ол қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп айыпталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тимур

Жұбайы Ләйлім Әбілдаева Instagram-парақшасында жариялаған видеода Тимур Ким 25 мамыр күні прокуратурадан шыққанын және қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ бастапқыда өзіне "Терроризм актісі" бойынша айып тағылғанын айтады. Ақпан айында қылмыстық істегі терроризм туралы бапты "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" деп өзгерткен. 



Тергеу изоляторынан шыққан соң Тимур Ким полиция және изолятор қызметкерлері тарапынан азап көргенін мәлімдеді. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз түсірген. Ләйлім Әбілдаева видео дәлел болмағандықтан, істің жылжымай тұрғанын айтады. 

Алматы қалалық сотының 23 мамырдағы мәліметіне сәйкес, қаңтар оқиғасы бойынша 287 азаматқа қатысты іс қаралған. Олардың 24-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.  Өзге азаматтарға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалыпты. Сонымен қатар кей істер екі тараптың татуласуына байланысты тоқтатылған. 

Талқылау