Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұшып келу және кету рейстері жаппай кешігіп жатыр

Алматы әуежайы

Фото: 2Gis

Алматыда ұшып келу және кету рейстері кешіктіріп жатыр. Кейбір рейстер шамамен бір күнге, 19 сағатқа кейінге қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұның бәрі Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Сеул, Минск, Дубай, Үрімші, Фукуока және Джидда қалаларынан ұшатын рейстерге әсер етті. Сағат 11:45-те Шымкентке ұшуы тиіс рейс тоқтатылды.

Астанада ашық аязды, бірақ Астанадан Алматы мен Талдықорғанға баратын екі рейс  және қайтатын үш рейс тоқтатылды. Алматы мен Өскеменнен Астанаға ұшатын рейстер де кешіктірілді.


FlyArystan рейс уақытын өзгерткені үшін жолаушы 188 мың теңге айыппұл арқалаған


Әуежайлар жұмысын қалыпты түрде жалғастырып жатыр. Кейінге қалдыру немесе рейсті тоқтаты туралы шешімді әуекомпаниялары қабылдайды. Жолаушыларға рейсті тексеріп, әуежайға ерте келу ұсынылады.

Еске салсақ, бұған дейін мыңдаған Airbus ұшақтарынан ақау анықталып, кей рейстер кешігіп, кейбірі тоқтатылған еді.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 13:40