Flo Rida, Busta Rhymes и Tyga: Әйгілі америкалық рэперлер Қазақстанға келеді

Қазақстанда алғаш рет әлемдік деңгейдегі ірі шара – Solana фестивалі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 16–17 мамырда елімізде халықаралық Solana фестивалі өтеді. Қазақстан алғаш рет музыка, визуалды технологиялар және премиалдық шоу мәдениетін біріктіретін осындай ауқымды әлемдік шараны қабылдамақ.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Solana фестивалінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді, инновациялық жарық шешімдері қолданылып, жаңа форматтағы сахна ұсынылады.
Фестивальге барлығы 7 әртіс қатысады. Қазір алғашқы төрт орындаушы – FLO, Busta Rhymes, Tyga және Nicole Scherzinger ресми түрде жарияланды. Қалған үш жұлдыз жақын күндері кезең-кезеңімен хабарланады.
Фестиваль жыл сайын өтетін халықаралық мәдени платформаға айналып, Қазақстанды жаһандық музыкалық индустриямен одан әрі жақындастыруды көздейді.
Айта кетейік, биыл Алматыда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес концерт берген еді.
Еске салайық, Дженнифер Лопестің Алматыда өткен сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңгеге сатылғанын жаздық. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге. 120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындар болды. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрды. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылды.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?