Алматыда ҰҚК басқарма бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Алматы қалалық ҰҚК басқарма бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов қамауға алынды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазіргі уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу тобы ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша басқарма бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген жұма күнгі тараған ақпаратта.
- Мемлекеттік құпияны жария еткен: Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары 7 жылға сотталды
- Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтың Қазақстаннан кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды
5 қазаннан бері Талғат Мұханов сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынғаны атап өтілген. Басқарма басқа ақпаратты жария етпеді.
Еске салайық, 27 шілдеде алты облыста ҰҚК департаменттерінің басшылары тағайындалды. Атап айтқанда, Абай, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу облыстарында ҰҚК басшылары ауысқан.
Талқылау