Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Виктор Цойдың ескерткішін құлатып кетті

Алматыда Виктор Цойдың ескерткішін трактор байқаусызда соғып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде трактордың ескерткішті құлатқаны түсірілген фотосуреттер пайда болды.

Куәгер Асқар Әлиев жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

"Муниципалитет өкілдері ескерткішті абайсызда соқты. Олар бұл фактіні өз бетінше жасыруға тырысты. Адамдардың ескертулерінен кейін олар тосқауыл конустарын қойып, таспамен қоршады. Соққы байқаусызда болды, трактор арт жағымен келе жатқан. Ескерткіш көзге көрінетін зақым алған жоқ, бірақ негізі сынған, бетон бүлінді", – деді куәгер.

Ескерткіш орнына қойылғаннан кейін оның бүлінгені байқалған. Куәгер полиция шақырып, арыз жазды.

Алматы әкімдігі қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Виктор Цой ескерткішін ауыстыруға қатысты өтініш білдірмегенін хабарлады.

Ал Медеу ауданының әкімдігі ескерткішке зақым келмегенін хабарлады.
"Қала Көркейту" ЖШС мердігер ұйымы Төлебаев-Қабанбай батыр учаскесін санитарлық тазалау кезінде арнайы техникамен B.Цой ескерткішін құлатып алды. Ескерткіш бүлінбеген. Мердігер ұйымның басшылығымен әңгімелестік, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұйым жақында қайта орнатуға міндетті”, – деді ведомствода.

"Кино" тобының аты аңызға айналған солисті Виктор Цойға арналған ескерткіш Төлебаев көшесінде 2018 жылдың маусым айында ашылды. Жоба жеке тұлғалардың қаражатына жүзеге асырылды.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 17 Шілде, 2021 18:48
Талқылау