Алматыда бұзақылар Денис Теннің ескерткішін бүлдірген
Алматыда бұзақылар атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішін бүлдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде ескерткішке жазылған жазулардың суреттері жарияланды. Бұзақы ескерткішке Денис Теннің өліміне кінәлілер туралы жазған. Сондай-ақ автор өз аты-жөнін, телефон нөмірі және мекен-жайын қалдырған.
Фото әлеуметтік желіден алынған
Полиция департаменті Денис Теннің ескерткішін қорлау фактісін растады.
"Денис Тенге қойылған ескерткішті қиратып, бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Күдіктінің Алматы қаласының тұрғыны екені және психоневрологиялық есепте тұратыны анықталды. Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылды. Ұсталған адам психикалық емдеу орталығына орналастырылды", – делінген полиция хабарламасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”