Алматыда вакцина салдырған дәрігер коронавирус жұқтырды: Вице-министр жағдайды түсіндірді
Жақында Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған дәрігердің COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Аталған жағдайға қатысты денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ол дәрігер екпе алғаннан кейін 7 күннен соң ауырған. Яғни, адамның денесінде антидене қалыптасып үлгермеген. Тіпті, екпені аурудың инкубациялық кезінде де алуы мүмкін", - деді вице-министр.
Ажар Ғиният вакцинаны әзірлеуші ғалымдардың сөзіне сүйене отырып, қандағы антидененің ең жоғары деңгейі вакцина салдырғаннан кейін 56 күннен соң анықталатынын атап өтті.
Дегенмен вице-министр антидененің ең жоғары деңгейі болса да, егер организге вирустың көп мөлшері түсетін болса, адамның ауырып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Бірақ тек өте жеңіл түрімен ауырады", - деді ол.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді