Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үйі тұтастай өртенген отбасыға депутаттар үй сыйлады

Алматы қаласында үйі тұтастай өртеніп кеткен отбасыға үй берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

отбасы

Төтенше жағдайдан кейін отбасы бес баласымен бірге 35 мыңға пәтер жалдап тұрып жатқан болатын. Жеті адам бір бөлменің еденіне жатып ұйықтаған. 

12 тамыз күні зиян шеккендермен Жетісу ауданы мәслихатының депутаттары кездесті. Осыдан кейін Қалдыбай Қазанбаев, Владислав Ли және Асхат Шілікбаев бірігіп, үй мен қажетті техника алып берді. 

Бұдан өзге «Мектепке жол» бағдарламасы аясында балалар қажетті киім-кешек пен сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтылмақ. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы Жетісу ауданында болған өрттен кейін 7 адамнан тұратын бір отбасының далада қалғаны туралы хабарлаған едік. 8 тамыз күні үйде өрт шыққан. Құтқарушылар өрттің желіден шыққанын айтқан. Үй 1930-жылдары салынып, көп уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүрмеген. 

Талқылау