AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус екі баланы қағып кетті

Алматыда троллейбус жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті. Салдарынан 13 және 14 жастағы балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Жол апаты кешкі сағат 8-дер шамасында Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында болған. Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан троллейбус жүргізушісі жеткіншектерді дәл осы жерде қаққан.

Соққы салдарынан 13 және 14 жастағы балалар  түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылар жағдайлары оңалғандықтан жеткіншектерді амбулаториялық емге жібердік дейді. Ал Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр

“Нөмірі бесінші бағыттағы троллейбус жүргізушісі 2008-2009 жылы туған балаларды қақты. Қазіргі таңда іс материалдары Алматы аудандық әкімшілік полиция басқармасына жіберілді”, – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ал троллейбус паркінің мәліметінше балалар жол ережесін бұзған. Бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды самокатпен кесіп өтпекші болыпты. Парк өкілдері 29 жастағы жүргізушінің жеті жылдық тәжірибиесі бар дейді. Керісінше, балалардың көшеде самокатпен жүрмеуі керек деп отыр.

“Сол самокатпен наезд на самоката болған. Қазір жол қауіпсіздігі гаимен оформлять еттік. Енді күтіп отырмыз қорытындысын. Мас болмаған. Экспертизадан өткен. Мына самокат деген мүлдем қиын жағдай. Қалада жүріп жатырмыз, көріп жатырмыз”, – дейді Алматы қалалық троллейбус паркінің бас инжинері Мәулен Жаненова.

Қала тұрғындарының пікірі де осындай. Балалардың самокатпен жүруін тыю қажет дейді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр