Алматыда тауға шыққан алты турист адасып қалған
Туристер Қасқыртау атты Үлкен Алматы көлі (БАО) аймағында жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 109 пультіне адамдардың адасқаны туралы хабарлама сағат 20:11-де түскен. Небәрі 10 минуттан кейін БАО-да кезекшілікте тұрған құтқару бригадасы оқиға орнына шыққан.
Белгілі болғандай, бір сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін туристер табылған. 21:55-те құтқарушылар оларды жолға шығарып салған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”