Алматыда таудан табылған бойжеткеннің кім екені белгісіз - төтенше жағдайлар комитеті
Алматыда таудан табылған бойжеткен денесінің кім екендігі әлі анықталмады. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әсер Панарғалиеваға қатысты айтарымыз, таудан бір әйелдің денесі табылды. Алайда ол Әсел ме, әлде басқа әйел ме - тап басып айта алмаймыз. Тек тұспалдап қана айта аламыз. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді делінген ресми хабарламада.
Еске салайық бұған дейін жарты жыл бұрын тауда жоғалып кеткен Әсер Панарғалиеваның денесі табылғаны туралы айтылған еді.
Талқылау