Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауында жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды

Алматы тауында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл ақпарат ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағында расталды.

Асел

Мәйіт кеше, 31 мамырда Үлкен Алматы көлінің үстіндегі, Космостация аймағында табылыпты.  

Еске салсақ, Әсел Панарғалиеваның жоғалып кеткеніне алты айдан астам уақыт өтті. Жалғыз қыз 2019 жылдың 9 қарашасында Үлкен Алматы шыңына бет алды, содан бері байланысқа шықпады. Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер әйелді іздеуге кетті. Іздеуді бірнеше рет жандандырған да еді. Тікұшақ көкке көтерілген еді, ал жоғалған әйелдің туыстары іздеуде көмек көрсеткендер үшін сыйақы жариялады, бірақ бәрі де нәтижесіз болды.

Соңғы рет іздеу жұмыстары 14 мамырда қайта басталған еді. Құтқарушылар Коммунальник - БАО - ГАИШ- ғарыш станциясы - Үлкен Алматы шыңымен жүрді.

Талқылау