Алматыда тас-талқаны шыққан жолдан зардап шеккен жұрт наразылыққа шықты

Алматыдағы "Ұлжан-2" ықшам ауданының тұрғындары жиналып, алты жылдан бері күткен жаңа жолдың бір жылға да жетпей тас-талқыны шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

жол

Олардың айтуынша, асфальт, бір қысқа да шыдамаған. Қазір көшелер шұрқ-тесік, тіпті шұңқырлар да көбейген. Халық соның кесірінен жиі құлап, апатқа ұшырайтынын айтты. Сондықтан жұрт, балалар шалынып кетпесін деп шамалары келгенше топырақпен беттерін жауып қойған. Жұрт биліктің бейқамдығына қапалы. Сөздеріне қарағанда, әкімдікке ісін шала атқарған мердігер компанияның ісін қадағалауды талай рет ескерткен.

"Барлық жерде жол ойылып түсіп кеткен. Шұңқыр, сапасыз. Жолдың кейбір көшелерге бірінші қатарын жүргізіп кетті. Екіншісін әлі жүргізуі керек. Сол бірінші қатар жүргізгеннің өзіне сапасыз, асты ойылып түсіп жатыр.  Аудан әкімдігіне, қаланың әкіміне және жол қатынастары департаментіне қатынас қағаз апарып бергенмін", - деді "Ұлжан-2" ықшам ауданының тұрғыны Сұраншы Бектенов.

"Бұл жолды жасағанша қалтамыздан талай шығын шықты. Тасты төктік. Белгілер қойса ең болмағанда, ондай бәле ештеңке жоқ. 40 деген, пешеход деген, опасно здесь дети деген" - дейді тағы бір жергіікті тұрғын Марат Исабеков.

Жұрт ауданда қақпақсыз жатқан кәріз құдықтары мен қараусыз жатқан жерлер көп дейді. Сөздерінше, мәселелер өте көп. Халық олардың жылдары бойы шешімін таба алмай келе жатқанына ашулы.

Ал жергілікті билік шағын аудандағы мәселелерді жақсы біледі. Тек мәселені шешуге қаржы жоқ екен. Жол мәселесі елдегі пандемияға байланысты тоқтап тұр деп түсіндірді.

"Жол салуға тапсырыс беруші Алматы қаласы мобильділік басқармасы, мердігер мекеме - "Дәулет-Дорстрой" ЖШС. Аталған мәселе бойынша біз аудан әкімшілігі тарапынан хат жолдадық басқармаға. Тез арада шара қолдану жөнінде. Осы аптаның аяғында келесі аптаның басында мердігер мекеме құрылыс жолдарын қайтадан жаңғыртуды жоспарлап отыр", -  деді Алатау аудандық әкімі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ертіс Бесіров.

Жергілікті тұрғындар бұдан қайыр болмаса, қайта наразылыққа шығатынын хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр