Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты

Бүгін 27 наурызда Алматы қалалық инфекциялық ауруханасынан коронавирустан емделген бір азамат шығарылды. Бұл Қазақстан бойынша індеттен айыққан үшінші адам, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Науқас 13 наурыз күні Алматыға Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. 

"Ол вирусқа қарсы толық терапиядан өтті. Ауру оңай түрде өтті. Емдеу шаралары кезінде асқыну жайттары байқалмады. Қазір ол 14 күндік карантинге үйіне жабылады. Осы уақыт аралығында ол дәрігерлердің бақылауында болады", -делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық Алматының бас санитар қаулысымен экипажды қосқанда 12 адам инфекциялық станционарға карантинге жіберілген болатын. 

"Ертең қорытынды сараптамадан кейін тағы бір науқас ауруханадан шығарылады. Ол 12 жастағы қалалақы балалар ауруханасында жатқан қыз", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі науқастың коронавирустан жазылып шыққандығы айтылған еді. Олардың біреуі Нұр-Сұлтанда, екінші Алматы қаласында емделген. 

Талқылау