Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бет-аузы қансырап тұрды": Алматыда су арнасына құлап кеткен 52 жастағы азаматты тұрғындар құтқарып қалды (Видео)

Алматыда су арнасына батып бара жатқан 52 жастағы азамат құтқарылды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамның мас күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ер адамның суға батып бара жатқанын бір топ тұрғындар көріп, кейін көмекке келгенін айтты.

“Бұл оқиға 5 тамыз күні орын алды. Ер адамның су арнасына қалай түсіп кеткені белгісіз. Алайда оның мас күйде болғаны анық байқалған және сараптама да бұл мәліметті растады. Тұрғындар бастапқыда судағы азаматты көріп барлығы таңданғаннан қарап тұрып қалған. Кейін желіде тараған видеоны түсірген әйел жанында өтіп бара жатқан тұрғындарды көмекке шақырған. Самокаттағы жігіт жағдайды көріп, тағы бір жігітпен суға түсіп азаматты құтқарған. Куәгерлердің айтуынша ер адамның бет-аузы қансырап тұрды. Тұрғындар қанды көріп, бірден жедел-жәрдем шақырып, көмек көрсеткен”,- деді деді қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.



Сонымен қатар департамент азаматтың тұрғылықты жері полиция базасындағы дерек бойынша Алматы облысының Сарыөзек ауылының Жигулевка шағын ауданында екенін жеткізді.

“Ер адам тексерістен өткеннен кейін, үйден ем алуға жіберілген. Ол ауруханаға Алматы қаласынанмын деп тұрғылықты мекен-жайын жалған қалдырған. Біз кейін жұбайына хабарласып болған жайтты баяндадық. Алайда ол кісінің тарапынан да дұрыс жауап ала алмадық. 

Ең бастысы ол адамның аман қалуы. Құтқарған жігіттер азаматты судан алып шыққан соң ары қарай өз шаруаларымен кетіп қалған. Ал болған жайтты әйел адам видеоға түсіріп алған”, – деп қосты Нұрымбетова.

Қалалық ТЖД-ның айтуынша ер адамның беті неліктен қансырағаны белгісіз.

Талқылау