Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әйел мен екі баланың өлімі: Прокуратура мәйіттерде зорлық-зомбылық іздері болғанын мәлімдеді

Алматыдағы "Спутник" тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалған. Қазір аталған дерек прокуратураның ерекше бақылауында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел мен екі баласының мәйіті 6 тамызда қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылған. Мәйіттерде зорлық-зомбылық іздері болған.

"Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды, видео материалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада. 

Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алған. 

Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына "Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Талқылау