Алматыда спорт басқармасының бұрынғы басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
"Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Агенттік өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын ескертті.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”